«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жобаларды қаржыландыру бойынша өтінімдер қабылдауда

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жобаларды қаржыландыру бойынша өтінімдер қабылдауда

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 259 қаулысымен Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңіл өнеркәсіптегі жобаларды түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 3% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру бойынша өтінімдер қабылдануда.

        Жобаларды іріктеу критерийлері:

  • «Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.06.2022 жылғы қаулысына сәйкес қаралатын жобаның индустрияландырудың бірыңғай картасында болуы.
  • Қызметкерлердің ең төменгі жалақысы ҚР бойынша саладағы орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс (АӘК және басшы құрамды есептемегенде, пайдалануға берілген сәттен бастап) кемінде 10 %.
  • ҚМЖ кезінде ҚМЖ үшін Қазақстан Республикасында өндірілген сатып алынатын материалдардың мазмұны ҚМЖ үшін сатып алынатын материалдардың жалпы көлемінен құндық мәнде кемінде 50% болуға тиіс.
  • Лизинг алушылармен / қарыз алушылармен жасалған шарттарда Қазақстан аумағында өндіріс болған жағдайда өтініш берушілердің отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде шикізатты кемінде 30% сомаға сатып алу жөніндегі қарсы міндеттемелері ескерілетін болады.

          Жеңіл өнеркәсіптегі жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызға болады: 8(7172) 79-64-97, 79-05-43, 79-63-11, 79-63-15.