ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2023 жылдың 31 мамыр күні аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Т.Тоқмамбетовтің және Тасқала ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Ж.Сундеткалиевтің қатысуымен «Тасқала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісі және қызмет алу орындарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайдың жасалғандығы баса назар алынды. Бақылау нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында мәселелер талқыланды.