
2022 жылдың 24 мамыр күні ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Асет Талғатбекұлы Абжаков ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Асет Талғатбекұлы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға арналған академияның оқуға қабылдау ережелерімен таныстырып, мемлекеттік басқару академиясында білім алудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға тиісті жауабын берді.