Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы Сізге 2023 жылғы 01 сәуірден 31 шілдеге дейін (жұмыс күндері) «7М04201 - Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға бір жыл оқу мерзімімен құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.

Магистратурада оқыту болашақ судьяларды даярлауға бағытталған және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты немесе өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Магистратураның мақсаты - сот жүйесіне кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету. Магистратураға түсетін адамдарға мынадай талаптар қойылады:

1) жасы жиырма тоғыз жастан кем емес;

2) жоғары заң білімінің болуы;

3) қабылдау сәтінде заң мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс
өтілінің болуы.

Қабылдау комиссиясының телефондары: 8/7172/710866, 710872, 87716888517.

E-mail: 709-0303@sud.kz