Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті

Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Аян Халауединұлының төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті. Отырыста 2023 жылғы өрт қаупі кезеңіне дайындық жұмыстары, суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, 2022-2023 жылыту маусымының қорытындысы талқыланды. Жиын барысында тиісті сала басшылары баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.