Тұрғын үй секторындағы, тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы, тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы, тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы өрт қауіпсіздігі             Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен былтырғы шөп кеуіп бастағанда, объектілердің аумағында, тұрғын үйлер мен бақшалардың жанында жанғыш қоқыстардың өртену ықтималдығы ұлғаяды. Осы уақытта өрттің себебі құрғақ шөпке немесе қоқысқа түскен сөндірілмеген темекі немесе сіріңке, сондай-ақ, қараусыз қалған от болуы мүмкін. Жыл сайын осы жыл мезгілінде жолдардың бойындағы, тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға іргелес жатқан өртенген аумақтарды байқауға болады. Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өрттердің алдын алу және олардан болуы мүмкін салдарлардың алдын алу мақсатында барлық меншік нысанындағы ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына, қала және аудандар тұрғындарына келесі өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша:

        - кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтарын, тұрғын үйлер мен аула құрылыстарына іргелес аумақтарды құрғақ шөптен және басқа да жанғыш қоқыстардан тазалауды;

        - от жағуға және құрғақ шөпті, қоқысты жағуға жол бермеуді;

        - балаларды қараусыз қалдырмау және оларға сіріңкемен ойнауға рұқсат бермеуді;

        - демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды.

        - ашық алаңдарда және аулаларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды, газы бар баллондарды қалдырмауды;

        - құрылыс материалдарын, жабдықтар мен ыдыстарды сақтау үшін ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтықты пайдаланбауды;

        - әр тұрғын үйде су ыдысын (бөшке) орнатыңыз немесе өрт сөндіргіш болуын;

        - су көздерінің, өрт гидранттары және су мұнараларының орналасқан жерін білуді, өрт болған жағдайда оларды өрт сөндіру бөлімшелеріне көрсетіп жеткізуіңізді сұрайды;

        - көктем-жаз кезеңінде тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райында пештерді, ас үй ошақтарын жағуды уақытша тоқтатқан жөн. Егер Сіз өртті немесе құрғақ шөптің жануын көрсеңіз тез арада 101 және 112 телефоны бойынша (ұялы телефоннан) құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Естеріңізге сала кетейік, шөпті өртеушілер мен орман өрттеріне кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.