2023 жылға азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

2023 жылға азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      * неке қиюды тiркегенi үшiн – 1 АЕК – 3 450 теңге;

      * неке бұзуды тiркегенi үшiн:

      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК – 6 900 теңге;

      белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 0,1 АЕК – 345,0 теңге;

      * азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн – 0,5 АЕК – 1 725 теңге;

      * азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi бергенi үшiн – 1 АЕК – 3 450 теңге;

      * шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшiн – 2 АЕК - 6 900 теңге;

      * азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар бергені үшін – 0,3 АЕК – 1035 теңге;

      * Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК - 1 725 теңге;

     *Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК – 3 450 теңге.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер туралы»   Қазақстан Республикасының  Кодексінің (Салық кодексі) 612-бабы.