Бүгінгі таңда жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту өзектілігін жойған жоқ. Мемлекет тарапынан жыл өткен сайын қолдау да қомақты. Солардың бірі жаңа бизнес-идеяларды дамытуға берілетін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. Бұл бағытта Тасқала ауданында жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып отыр. Аудан орталығында жылдағы дәстүр бойынша грант иегерлерінің сауда-саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.