Аудан әкімінің шыршасы өтті

Аудан әкімінің шыршасы өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде балғын бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын «Қош келдің жаңа жыл, жаңа белес, жаңа арман»  атты жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы Б.Айтмағамбетов балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, дендеріне саулық, оқуда озат, спортта шымыр, еліміздің нағыз патриоты болуларына тілектестігін білдірді.

Жасыл шырша жанына жиналған барша балғындар көтеріңкі көңіл-күйде шыршаны айнала ән айтып, би биледі. Арнайы дайындалған ертегілік қойылымды тамашалап, Аяз ата мен ақшақарға өз өнерлерін паш етті.

Шара соңында шыршаға қатысқан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.