«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Құрметті, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғын көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар санатындағы азаматтар!

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған:

Көп балалы отбасылар;

Толық емес отбасылар;

 санатындағы азаматтарға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама 2020 жылдың 12 наурызына дейін берілетінін хабарлаймыз.

        Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы жүзеге асады.

         Бағдарлама аясында көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар санатындығы азаматтарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» импотекалық несиені жылдық 2% үстемен беретін болады.

          Сатып алатын үйдің бағасының 10%, бастапқы жарнасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінде болуы шарт.

          Максималды сатып алатын пәтердің бағасы 10 миллионнан аспауы керек, несие 20 жыл мерзімге дейін рәсімделеді.

          Осыған орай, аталған санаттағы тұрғын үй кезегіне есепке тіркелген азматтарды бағдарламаға қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттармен Тасқала аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  жолығуыңыз сұралады. Мекенжайы: БҚО Тасқала ауданы. Тасқала ауылы, Абай көшесі №23 ( қабылдау күндері дүйсенб і – жұма күндері сағ. 9.00 – 18:30 ға дейін), (түскі үзіліс 13.00 – 14.30).

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. Жеке куәліктің көшермесі
  2. Неке қию туралы куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, қайтыс болу жөнінде анықтама көшірмесі ( болған жағдайда);
  3. Өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ( жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы: (Ф-1 анықтамасы);
  4. Некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (Толық емес отбасылар үшін);
  5. Мүгедектікті растайтын құжат
  6. «Тұрғын үй қатынастары туралы «Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.