
2022 жылдың 22 желтоқсан күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Б.Айтмағамбетовтың, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Калиевтің және шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Азамат Қадыржанұлы Қазақстан Республикасына әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру мәселесі бойынша толықтай түсінік жұмысын жүргізілді. Сонымен қатар, автокөлік иелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Айтылған ұсыныстар жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолданытын болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса Тасқала ауылы, Абай көшесі 24 үй мекен-жайы бойынша жолығуыңызға немесе 21-1-86 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.