Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2022 жылдың 20 қарашасында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша жиын өтті. Жиналысқа аудан әкімі Б.Айтмағамбетов, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі А.Жәнібеков, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы К.Аралбекова, «Жайық пресс» ЖШС бас директоры Т.Сапаров, «Республикалық газ саласы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының директоры И.Исмагулов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудандық сайлау комисияларының мүшелері қатысты.
Шара барысында аудан аумағында сайлау ппроцессін ұйымдастыру және өткізуде белсенділік танытқан азаматтар БҚО әкімі орынбасарының, орталық және облыстық сайлау комиссиялары төрағаларының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.