«Шаңырақ» аналар клубы ашылды

«Шаңырақ» аналар клубы ашылды

Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанынан  «Шаңырақ»  аналар клубының ашылуы

4 наурыз  күні Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және «НұрОтан» партиясының ұйымдстыруымен  аналардың  бос уақытын тиімді өткізу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы аналардың қыздарын тәрбиелеудегі рөлі, рухани қарым – қатынас жасауға жағдай туғызу, ақпараттық ортада клуб мүшелерінің ой – өрісін кеңейту, үлкендердің ақыл-кеңес, тәрбиесі арқылы қыздарының ұлттық мәдениетінің, білімінің рухани дамуына жағдай жасауға, аналар арасында адамгершілік, еңбек пен тәрбие тақырыптарында жұмыстар жүргізуге ықпал ету мақсатында «Шаңырақ» көп балалы аналар клубының ашылуы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Т.Баяндықов,  «НұрОтан» партиясы тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Ә. Жұбанышкалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.С Дүйсенова, аудандық «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі М.А. Нурмақова,  клуб мүшелері мен көп балалы аналар, ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары және кітапханашылар  қатысты.  Шара барысында  құттықтау сөздері  айтылып, клуб мүшелері қабылданды. Клуб жетекшісі балалар және жасөспірімдер жұмысының әдіскері Р.Ш.Аубакова клубтың мақсат -  міндеттері мен алдағы жоспарларын  таныстырып, «Қолөнер-тәрбие көзі» атты қолөнер бұйымдар көрмесіне шолу жүргізілді.