«Жомарт жүрек – 2022» премиясы табысталды

«Жомарт жүрек – 2022» премиясы табысталды

2022 жылдың 8 желтоқсан күні аудан орталығында «Жомарт жүрек – 2022» премиясын табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шара ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының алға басуына қолдау көрсетіп, өздерінің қайырымды істерімен елге көмегін тигізген жомарт жандардың құрметіне арналды.
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов әр салада жыл бойы жемісті еңбек еткен, айналысындағы жандарға жомарттық танытып жүрген ауданымыздың жомарт азаматтары мен азаматшаларын бүгінгі мерекемен құттықтап, ақ тілігенін білдірді.
Шара барысында алғаш болып «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағымен Абложей Леонид Иосифович марапатталса, ауданымыздың демографисын көтеруге үлесін қосқан көп балалы ана Ялфамиова Наталья «Алтын алқа» алқасымен наградталды. Кейін ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жомарт жүректі азаматтарды «Жомарт Жүрек» премиясымен марапаттады. Ауданымыздың тыныс-тіршілігіне араласып, көркеюуіне септігін тигізіп жүрген қызметкерлердің ерен еңбегі бағаланып, мерейлері өсті.
Шара аудандық көркемөнерпаздардың ән шашуымен жалғасын тапт