
2022 жылды 14 қараша күні аудан әкімі Б.Айтмағамбетов «Жұдырық» жайдарман құрамасының ойыншыларымен кездесті. Аталмыш жайдарман құрамасы Қаратөбе ауданында өткен облыстық жайдарман сайысында аудан намысын қорғап, сайыс қорытындысы бойынша «бас жүлде» иегерлері атанды. Жетекшісі Рахметов Қамбар Сансызбайұлы. Кездесу барысында аудан әкімі жас өрендерді жеңістерімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тіледі. Кездесу соңында алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Жеңісті күндеріміз көп болсын!