Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Баршаңызды 15 қараша - Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне сонау 1993 жылдан бастап 29 жыл толып отыр. Егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды.

Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.

Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде.Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін және жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!

Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Б.Айтмағамбетов