«Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты этнографиялық кеш

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан» атты этнографиялық кеш

27 ақпан күні Тасқала аудандық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Алғыс  айту күніне және «Nur Otan» партиясының туған күніне орай өзге ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, өзара достықты, ұлттық қатынасты нығайту, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем- Қазақстан» атты этнографиялық кеш өтті.

Шараға өзге ұлт өкілдері Скотникова Р.Ф, Воронцовтар отбасы, «Надежда» халықтық ансамблі шақырылды. Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.С.Дүйсенова сөз алып, шараға қатысушыларды айтулы мерекелермен құттықтады. Оқырмандарға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты бейнеролигі көрсетіліп, шақырылған қонақтарға сөз берілді. Олар өз ұлттарының тұрмысы, салт- дәстүрлері туралы әңгімеледі. «Надежда» халықтық ансамблі, мәдениет үйінің қызметкері А.Кахов әндер орындап, «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай- ақ «Nur Otan» партия мүшелеріне партиялық билеттер табыс етіліп, кеш Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.