ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.С. Байсаловтың Тасқала ауданының активімен кездесуі.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.С. Байсаловтың Тасқала ауданының активімен кездесуі.

2022 жылдың 3 қараша күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мұрат Сейілбекұлы Байсалов мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша жиын өткізді.
Жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық бөлімдер және мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары қатысты.
Аталған жиынның басты мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілері мен ауылдық округ әкімдерге мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларды түсіндіру.
Сонымен қатар жиын соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, қабылдауға келген азаматтардың сауалдары бойынша заңға сәйкес шешімдер қабылданатындығын жеткізді.