
Сіздерді 19 қазан кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының құрылғанына 27 жыл толып отыр. Жалпы құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін мақтанышпен айта аламыз. Қандай қиыншылыққа тап келсе де төтенше жағдайлар қызметкерлері ержүректілігі мен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісетіндігі сөзсіз. Осы жұмыстың нәтижесінің арқасында мыңдаған адамдардың өмірлері құтқарылған. Оған мамандардың кәсібилігі, жұмысқа деген адалдық пен ерліктерінің арқасында қол жетіп келеді.
Алдағы уақытта сіздердің кәсіби шеберлігіңіз, батылдығыңыз бен қайсарлығыңыз адамдарды құтқару жолындағы игілікті істе қызмет ететініне толық сенемін.
Қандай қайғылы қасіретті оқиға болмасын, бар күш жігерін салып. құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген еліміздің құтқарушылары жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға амандық және зор денсаулық тілеймін. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуі жолында өз үлесін қоссын!
Ізгі тілекпен, Тасқала ауданының әкімі Б.Айтмағамбетов