
Аудан әкімі қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Кеңес мүшелері аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы есепті, Тасқала ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы және олардың сапасын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар туралы есепті, "2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулы жобасын, аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау мәселесін және ауданның аумақты дамыту бағдарламасының қорытындыларын талқыға салды.