
Достар, бүгін біз жұмысқа орналасу, қорғаншылық пен қамқоршылықты тіркеу, оқуға немесе басқа ұйымдарға қабылдау үшін қажетті анықтамалар туралы айтып береміз:
- «наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну;
- «психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну;
- «фтизиатрия» фтизиопульмонологиялық орталығынан ақпарат беру.
❗️Аты-жөніңізді немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеу мекенжайыңызды өзгертіп, психонаркологиялық диспансерден анықтамаларды алған кезде қате деректер көрсетілетін жағдайлар болады.
Бұл жағдайда не істеу керек?
📩Өзгерістер енгізу үшін деректерді Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық қолдау қызметінің support_isdsm@ezdrav.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
#egovkz #анықтама