Аудан орталығында үш қабатты тұрғын үй салынуда!

Аудан орталығында үш қабатты тұрғын үй салынуда!

Ағымдағы жылы ауданымызда іске асырылып жатырған игі жұмыстардың легі көп екендігі өздеріңізге мәлім. Солардың бірі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Тасқала ауылының Пушкин көшесінде үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Бас мердігер мекеме «Беккалиев С.Р.» жеке кәсіпкерлігі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың қараша айында басталған болатын. Бұл жоба өтпелі болғандықтан, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары өз жалғасын тапты. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта нысан бойынша, ішкі бөлмелердің әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң аталмыш көп қабатты үйдегі пәтерлер ауданымыз бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы азаматтарға кезектілік ретімен берілетін болады.