ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады💡

ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады💡
ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды. Ол үшін: 
 
• pki.gov.kz сайтына өтіп, «Жеке кабинетті» таңдаңыз;
• қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз; 
• «ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
• пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
• «Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. 
• «Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз. 
 
Осымен жаңа электрондық қолтаңбаны алу процесін аяқталды. 
Сәттілік!