
️
Жаңа опция талаптарға, арыздарға, сенімхаттарға, хаттарға https://office.sud.kz сайтында қол қоюға, сондай-ақ сайттағы eGov QR-кодын мобильдік қосымшасы көмегімен сканерлеу арқылы авторизациядан өтуге мүмкіндік береді.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile пайдаланушылары:
• қосымшада авторизациядан өту керек (егер бұрын авторизациядан өткен болса, қосымшаға Face ID, Touch ID немесе қысқа кодтың көмегімен кіруге болады);
• сот кабинетінде қол қою түрін таңдау қажет – «QR көмегімен қол қою»;
• eGov mobile басты бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында «ақ шаршыға» басыңыз;
• eGov QR сканерлеп, қол қойыңыз;
Өтінім сәтті өңдеген кезде ұялы телефон экранында «Өтінім беру сәтті аяқталды» көрсетіледі.
#СотКабинеті #eGovmobile #eGovGR