Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Бүгін аудан әкімі Ақтау ауылдық округінде іс-сапармен болды. Іс-сапар барысында аудан басшысы округке қарасты Ақкүтір, Қараой, Қызылбас және Ақтау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Бауыржан Есқайырұлы, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы және мекеме басшылары жеке қабылдаулар өткізді. Кездесулер барысында округ тұрғындары жарық, жол, жайылым жерлердің тарылуы және киіктердің көптеп келу мәселелерін алға тартып отыр. Аудан басшысы өз сөзінде биылғы жылы Ақтау ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеу жұмыстары басталатынын және тұрғындар тарапынан көтеріліп отырған мәселелер жұмыс жоспарына енгізіліп тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Сонымен бірге, іс сапар барысында Бауыржан Есқайырұлы округтегі шаруа қожалықтардың егістік алқаптарында болып егін ору науқынымен танысты.