
2022 жылдың 1 тамыз күні аудан әкімі Б.Айтмағамбетов Достық ауылына барып, ауылға кіреберіс 3,5 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер мекеме болып «Тоби» ЖШС-і анықталып, жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімі мердігер мекемеге жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, биылғы жылы Ақтау және Бірлік ауылдарына кіреберіс жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.