"ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінен келіп түскен нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 24-29 маусым күндері аралығында Таскала ауданы аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүретін кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық немесе қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау және кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу ескерту болып табылады.
Іс-шара кезінде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер ұйымдастырылып, Тасқала ауданының полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар және "Қолайсыз отбасылар" білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайларынан тексерілетін болады.