
Қазіргі уақытта еліміздің азаматтарына eGov mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр.
📨EGov mobile мобильдік қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келетін болады. Іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.