
Ағымдағы жылдың 22 маусым күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш семинарды өткізуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Рысқаным Жолболсынқызы Бахтиярова, Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының бас маманы Абат Сәкенұлы Ашық іс-сапармен аудан орталығына келген болатын.
Аталмыш оқыту семинарында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару және бағалау, қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анықтау тетіктері, мемлекеттік қызметтер көрсетуде клиентке бағдарлану және тағы да басқа мәселелер бойынша дәріс оқылып, семинар қатысушыларымен пікір алмасып, қажетті ақпараттар берілді. Жалпы семинарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 25 қызметкер қатысты.