Медицина қызметкерлер күніне арналған мерекелік шара

Медицина қызметкерлер күніне арналған мерекелік шара

2022 жылдың 18 маусым күні аудандық мәдени- демалыс орталығында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт өтті.Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, арашашы болып жүрген дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп,құрметтеген. Мерекелік шарада алғаш сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халеуединұлы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара барысында қызметте жетістікке жеткен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Шарадс әрі қарай әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер би билеп, медицина қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды.