Құрметті бүлдіршіндер, қадірменді ата-аналар!

Құрметті бүлдіршіндер, қадірменді ата-аналар!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Балалар – біздің болашағымыз.Бастаған ізгі істерміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт құсымыздың қанаты іспеттес.

Жаздың алғашқы күні бала күлкісіне бөленіп, тамаша мерекемен басталады. Дана халқымыз «Бала – артта қалған ізің» – деп, ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Жер бетіндегі қай халық болмасын Отанының тыныштығы мен ұрпақ саулығын алдыңғы орынға қояды. Тәуелсіз мемлекетімізде де болашақ қамы үшін жасалып жатқан игі істер аз емес. Жыл сайынғы елімізде салынып жатқан спорттық және балалар алаңдары мен балабақшалар, жаңғырып немесе жаңадан ашылып жатқан мектептер – ел тыныштығының жемісі.

Бүгінгі қуанышты мерекеде барлық отбасыға бақыт пен береке, жанұя жылуын тілеймін. Көгімізден күн, үйімізден сәби үні мен күлкісі кетпесін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Б.Айтмағамбетов