"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

"Сыңғырла, соңғы қоңырау"
25-мамыр еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған мектептің жас түлектері алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын күн. Бүгін ауданымыздың барлық жалпы білім беретін мектептерінде "Сыңғырла, соңғы қоңырау" тақырыбында мерекелік жиын өтті. 
 
Тағы бір оқу жылы аяқталды. 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша білім беру ұйымдарын 150 түлек аяқтады. Биыл түлектер ішінен «Алтын белгіге» 12 үміткер, Үздік аттестатқа 6 үміткер бар. Аудан бойынша оқу жылында 2616 оқушы білім алса, 562 педагог жұмыс істейді. Негізгі орта білім туралы Үздік аттестатқа үміткерлер саны-28.