Облыстық турнир чемпиондары атанды

Облыстық турнир  чемпиондары атанды

2022 жылдың 7-9 мамыр күндері Орал қаласында өткен футболдан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында "Жеңіс күні" облыстық турнирі өткен болатын. Аталмыш турнирге жалпы 8 команда қатысып, бақтарын сынады. Турнирге қатысқан Тасқала ауданының құрама командасы жақсы ойын өрнегін көрсетіп, І орынға ие болып, Батыс Лигасына жолдама алды. Жаттықтырушылары: Давлетов Кайрбек, Мукашев Жаслан және Усагалиев Наиль. Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!