Egov.kz-те әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Egov.kz-те әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі жоқ. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды.

📌Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Бұл функция келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді:
• Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;
• Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
• Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
• Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
• Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;
• Көп балалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
• Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.
 
Қызметті пайдалану нұсқаулығымен танысу үшін карусельді жылжытыңыз👉🏻
#nitec #egov #әлеуметтіктөлем #шот