Құрметті ірі қара және ұсақ мал иелері!

Құрметті ірі қара және ұсақ мал иелері!

Ауылдардың маңында иесіз жүрген малға автокөліктердің соқтығысу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай сәттерде автокөлікте отырған адамдар техниканы айтпағанда, қатты зардап шегуі мүмкін. Полиция бөліміне мал жоғалу фактісі туралы хабарламалар жиі түсуде.

Мал иелерінің өз малдарына немқұрайлы қарауы қайғылы салдарға әкеліп соғуы мүмкін. Бақылаусыз жайылып жүрген мал қаскүнемдер үшін оңай олжа болып табылады. Сонымен қатар, қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларының болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Мал ұрлығын болдырмау, сондай-ақ, облыс аумағында қараусыз жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың алдын-алу мақсатында, полицейлер автожолдарда рейдтер жүргізуде. Иесіз жайылып жүрген малды тәртіп сақшылары малға арналған айыппұл тұрағына қаматады.

Бұл ережелер малдың жолдарға шықпауына және келеңсіз жол-көлік оқиғаларын немесе т.б. жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, мал ұрлығын тіркеу азаяды, өйткені қараусыз жүрген мал, қылмыскерлер үшін өзгенің мүлкіне қол сұғу объектісі болып табылады.

Мұндай жағдай тек біздің ауданда ғана емес, бүкіл ел бойынша өзекті мәселеге айналды. 

 Егер қаңғыбас жылқылар, сиырлар, қойлар табылса, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Сонымен қатар, табылған жануарлар малға арналған айыппұл тұрағына қойылады.

 

БҚО Полиция департаменті 

Департамент полиции ЗКО