
Ауданы әкімі Б.Айтмағамбетовтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескерту және алдын алуға бағытталған шаралар және олардың тиімділігі туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Е.Есентаев баяндады. 2022 жылдың 2 айы бойынша 197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін - 10 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 73-1 және 73-2 бабымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген және ұрып соққан үшін – 3 құқық бұзушылықтар анықталды деді өз сөзінде Е.Есентаев.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдеріне мал бағылымын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта малдарын қараусыз жіберген мал иелері анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша 3 айлық (9189 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын ауыл тұрғындары қаперге алу қажет.
Жиын соңында аудан әкімі барлық айтылған ұсыныс пікірлерді ескере отырып, құқық қорғау органдары мен тиісті мемлекеттік орган басшыларына және барлық ауылдық округ әкімдеріне құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуді және күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.