Egov mobile мобильді қосымшасындағы ЭЦҚ туралы не білу керек?

Egov mobile мобильді қосымшасындағы ЭЦҚ туралы не білу керек?

МАҢЫЗДЫ: Егер сізде ЭЦҚ болса, оны флеш-картаға, почтаға, компьютерге көшірудің қажеті жоқ. EGov mobile қосымшасына кіру үшін ЭЦҚ-ны бейне сәйкестендіру бойынша алуға болады. Бұл жағдайда, сіздің ескі ЭЦҚ кілтіңіз де жарамды болады.

🔐Egov mobile қосымшасында электронды цифрлық қолтаңба алу - ӨТЕ ОҢАЙ. Ол үшін келесі нұсқаулықты орындау қажет:

• Авторизация бетінде «ЭЦҚ шығаруға сұрау жасау» батырмасын басу;
• «Digital id» парақшасында телефон нөмірі мен SMS-пен келген тексеру кодын енгізу;
• Бейне сәйкестендіруден өтіп, жеке куәлігіңіздің деректері мен телефон нөмірін енгізу;
• Ақпарат расталғаннан кейін жеке куәлігіңіздің нөмірі мен туған күніңізді енгізу;
• «ЭЦҚ шығару» бетінде электрондық поштаңыздың адресін және парольді енгізу;
• Жаңа бетте «Тіркеуді аяқтау» батырмасын таңдау;
• Тіркелгеннен кейін қосымшаға жылдам кіру кодын немесе Face id/touch id орнату қажет.

#egovkz #egovmobile #nitec #ЭЦП #ЭЦҚ