Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Жеке және заңды тұлғалар тұрғылықты жеріндегі немесе жұмыс меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы, балансындағы басқа объектілерге тікелей жанасып жатқан іргелес аумақты (іргелес аумақ-периметрі бойынша жан- жағынан 5 метр шекарадағы аумақ) тазалау және қоқыстарды шығару бойынша шараларды өткізу қажет (жаз мезгілінде арамшөптерді, қураған шөптерді шабу, ғимараттың фасадын жаңарту, ақтау-сырлау; қыс мезгілінде қарды шығару, құрылыс материалдарын ауланың ішіне жинау).
Егер осы заңнама орындалмаса, құқық бұзушы ҚР ӘҚБТК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады.
505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.