Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Б.Айтмагамбетовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Ташимов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Касимова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазездің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралары туралы есебі тындалды.
Сонымен қатар, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Жиын соңында аудан әкімі жемқорлықтың мемлекетімізге орасан зор нұқсан келтіретіндігін, ең қиыны – билікке деген халық сенімін жоққа шығаратындығын айтты. Осы ретте, барлық мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды