
Облыс әкімінің халықпен кездесуі бүгін Тасқала ауданынан басталды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің тасқалалықтармен кездесуі үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігі баяндамаға арналып, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізілді.
Техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, YouTube арнасындағы ресми аккаунтта халықтың пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
Кездесу аяқталған соң, Ғали Есқалиев жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.