Екпе алу - маңызды

Екпе алу - маңызды

«Вакциналар қорғайды!» Індеттің зардаптарынан қорғану үшін иммундаудан өтудің қажеттілігі туралы екі жыл бойы айтылып келеді. Өйткені ұжымдық иммунитеттің арқасында коронавирустық инфекцияның эпидахуалы біршама тұрақтанды. Алайда, вирус мутациялануын тоқтатқан жоқ және әртүрлі штамдар пайда болуда.

Қазіргі уақытта «стелс-омикрон» көптеген елде таралуда. Бұл штамм өзге түрлеріне қарағанда басымырақ түсті және аурудың тез өсуіне, жағдайдың өршуіне себеп болуда. Ұлыбритания ғалымдарының соңғы мәліметтеріне сәйкес, жаңа штамды жұқтыру бойынша апталық көрсеткіштердің өсу қарқыны «Омикронға» қарағанда 80 пайызға жоғары.

Біздің елде мутацияның бұл түрі табылған жоқ. Бірақ «сақтықта қорлық жоқ».

Қазақстанда вакцинация көрсеткіштері жоғары. Халық мереке күндері де ауруға қарсы иммунитеттің қорғаныс күшін екпе арқылы нығайтып жатқаны қуантады. Мысалы, 2022 жылғы 18 наурызда Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1 - ші компонентпен 9 437 543 адам вакцинацияланса, 2 - ші компонентпен - 9 111 274 адам, ал 23 наурыздағы жағдай бойынша 1-ші компонентпен 10 371 937, ал 2-ші компонентпен - 9 885 278 адам егілді.

Маңыздылығы кем емес ревакцинация туралы да ұмытпау қажет. Бүгінгі таңда 3 149 068 қазақстандық бустерлік дозаны алды.

Әлемдік пандемияны тек бірге жеңе аламыз. «Вакцинация маңызды!»,- біз, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері, бұл сөздерді қайталаудан шаршамаймыз. Себебі екпе - миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады, бұл ғылыми дәлелденген. Өзіңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаңыз! Вакцина алыңыз!