
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 10.00-12.00 аралығында аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» шарасы өтеді. Шара барысында аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді.
Қабылдауға жазылу және өзге де ақпараттар алу үшін 21439 байланыс нөміріне хабарласуға болады.