
Баршаңызды шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды.
Кең пейілді қазақ халқы қашанда әр бір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған.
Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Қадірменді ауылдастар!
Сіздерге белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіңіз және ауданымызды көркейтудегі елеулі еңбегіңіз үшін алғыс айтамын!
Шаңырақтарыңызға шаттық, бақыт және береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі Б. Айтмағамбетов.