Сенбілік өтті

Сенбілік өтті

Көктемгі су тасқынынын болдырмау у мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес бүгін аудан орталығында мекеме қызметкерлерінің, ауыл тұрғындары мен жастардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді.

Сенбілік барысында 5200 метр суағар каналдары, 42 суағар сақиналары қардан тазартылды.

Сенбілікке барлығы 227 мекеме қызметкерлері, 20 ауыл тұрғындары және 30 ауыл жастары қатысты.

Сондай-ақ, барлық ауылдық округтерде осы бағыттағы жұмыстар басталғанын хабарлаймыз.

Осы іс-шараға қатысқан барлық жерлестерімізге алғыс білдіре отырып, белсенділікке және одан әрі бірлесе жұмыстануға
шақырамыз.