АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес бүгін ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері Қазақстан және Тасқала ауылдық округінің елді-мекендерінен бастау алды. Есепті кездесу жиналыстарына аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы, аудандық мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Есепті кездесу барысында ауылдық округ әкімдері 2021 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есептерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиналыс барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарды тыңдап, тұщымды жауаптарын берді.
Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алған Алмалы елді-мекенінің тұрғыны Мейірман Мұхтаровпен кездесіп, құс шаруашлығын дамыту бойынша атқарып жатқан жұмысымен танысты.