«АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» ТӨС БЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

«АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» ТӨС БЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ
2022 жылдың 31 қаңтар күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуы мен өркендеуіне орасан зор үлесін қосқан Жамансариев Есентай Сабырұлына, Қойшыбай Зделеуовке және Изтелеуов Нұрлан Дүйсенбайұлына «Ауданның құрметті азаматы» төс белгісі табысталды. Шара барысында сөз алған аудан басшысы марапат иегерлерін құттықтап, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының ілгерлеуіне қосқан жемісті еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.
Сонымен қатар, бүгінгі шарамен тұспа-тұс келген Есентай Сабырұлын 75 жасқа толған мерей тойымен құттықтады. «Сізді 75 жасқа толған мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгідей қуанышты сәтте Сізге шын жүректен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілеймін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын», - деген жүрекжарды лебізін білдірген аудан басшысы мерей той иесінің иығына шапан жапты.