Жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімін қысқарту туралы

Жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімін қысқарту туралы

«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және "Ashyq" қосымшасындағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Сонымен, жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады.

Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.

Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен "Ashyq" қосымшасындағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.