
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында болмаған өте күрделі уақыттарды өткізіп жатырмыз. Бейбіт шеруді желеу еткен арам пиғылды арандатушылар егемендігімізге, азаттығымызға қолсалғысы келді.
Алматы мен өзге де қалаларда орын алған тәртіпсіздіктер мен қарулы қақтығысты көріп жанымыз жүдеді. Деструктивті топтар қаланы қиратып, тонап, өртеп, тіпті қарулы шабуыл жасады. Осы сұмдықтардың барлығын телеарналардан көріп, айтарға сөз таппай қалдық. Адам өз туған Отанына осылай қиянат жасай ма?! Бұл – опасыздық!
Бейбіт күнде террористермен қақтығыста бірнеше әскери адам опат болып, талайы жарақаттанды. Мемлекетке ауыр шығын келді.
Президентіміздің қабылдаған батыл шешімінің арқасында қауіп сейіліп, қалалар қалыпты өмірге қайта аяқ басуда.
Дәл осындай ел тағдыры сарапқа түскен уақытта Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, жұдырықтай жұмыла білуіміз керек. Әркімнің сөзіне бір еріп, арандатушылардың қолшоқпарына айналып кетпейік ағайын.
Бірлігі бекем елдің алмайтын қамалы жоқ!
#КүшімізБірлікте#
Тасқала аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жәрдемғали Балыков