Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді

Елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында төтенше жағдай жариялап, сағат 23:00 мен таңғы 7:00 аралығында коменданттық сағат енгізді. Сондықтан баршыңызды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, заң талаптарын орындауға шақырамыз.

Төтенше жағдай кезінде мынандай шараларға уақытша шектеулер енгізіледі:

  • қоғамдық тәртіптің сақталуы күшейтіледі;
  • азаматтардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленеді;
  • азаматтардың құжаттары және олардың заттары мен көлік құралдары тексеріледі;
  • облыс аумағына кіру, шығу шектеледі;
  • бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
  • ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынады;
  • қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынады;
  • алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленді.

 Қадірлі жерлестер, ардақты ағайын!

 Ортақ Отанымыздың қауіпсіздігі баршамызға бірдей жауапкершілік жүктейді. Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасының жақсаруы жолында береке-бірлікте қызмет етейік. Осынау еліміз үшін қиын кезеңде Мемлекет басшысына қолдау білдіріп, бірлігіміз бекем ел екенімізді көрсетуіміз керек. Себебі бірлігі берік, берекелі елдің алмайтын асуы жоқІ

#КүшімізБірлікте#