🚙Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат.

🚙Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат.
Бірақ егер куәлік мерзімі аяқталса, сіз тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек? eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз.
💡Өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде – неке қию туралы куәлігін, ал құжатты ұрлаған немесе жоғалтқан болсаңыз - АІІБ-не анықтаманы тіркеңіз. Бажды төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Қызмет көрсету мерзімі - бір сағаттан аспайды. Бұл қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және облыс орталықтарының тұрғындары үшін қолжетімді екенін атап өтеміз.
📤Көрсетілетін қызметтің нәтижесі жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет электрондық сұрау салу болып табылады. Бұл ретте өзіңізде: жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса, 083-у нысанындағы медициналық анықтама болуы қажет. Жолдарда сәттілік тілейміз